Қазір маманның Туриндегі болашағы үлкен күмән тудырып отыр. Дегенмен «Кәрі синьора» басшылығы бапкерді бірден орнынан алуға асықпайды. Клуб Спаллеттиге халықаралық үзіліске дейінгі үш ойыннан кейін ғана нақты шешім қабылдамақ.
Осы аралықта «Ювентус» «Наполимен», Нидерландтың «АЗ» клубымен және «Фиорентинамен» кездеседі. Дәл осы матчтар бапкер тағдырына әсер ететін негізгі сынақ ретінде қарастырылып отыр.
А сериясындағы соңғы турда туриндіктер сырт алаңда «Дженоадан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Тоғыз турдан кейін «Ювентус» 14 ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орында келеді.
