Q Football

Мадрид жұлдызды трансфер үшін қос көшбасшысымен қоштасуға дайын

Мадрид жұлдызды трансфер үшін қос көшбасшысымен қоштасуға дайын
@ElNacional

«Манчестер Юнайтед» «мадридтіктердің» сапындағы Франция құрамасының екі тірек жартылай қорғаушысын көздеп отыр және бұл жұп үшін қомақты 150 миллион еуро төлеуге дайын.

Мадридтік «Реал» осы трансферлік терезеде Орельен Тчуамени мен Эдуардо Камавинганы сату нұсқасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды El Nacional.

Франциялық қос жартылай қорғаушы бұрыннан «қызыл әбілдердің» шорт-листіне енген. Дегенмен бұған дейін тек бақылау жүргізіліп келсе, енді ағылшындар қос трансферді рәсімдеу бойынша нақты қадамдарға көшуге ниетті.

Испаниялық гранд екі хавбек үшін шамамен 150 миллион еуро алуды жоспарлап отыр. «Реал» бұл түскен қаражатты «Манчестер Ситидің» басты жартылай қорғаушысы әрі Испания ұлттық құрамасының капитаны Родри Эрнандесті сатып алуға жұмсамақшы.

Эдуардо Камавинга мадридтіктердің қатарын 2021 жылдың жазында «Ренннен» 31 миллион еуроға ауысып келіп толықтырған еді. Өткен маусымда 23 жастағы хавбек барлық турнирде 43 матчқа қатысып, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Орельен Тчуамени «Сантьяго Бернабеуге» 2022 жылы «Монакодан» ауысты, ол кезде мадридтіктер бұл ойыншы үшін 80 миллион еуро төлеген болатын. 2025/2026 жылдардағы маусымда Франциялық футболшы 49 кездесу өткізіп, өз есебіне екі доп пен екі нәтижелі беріліс жазды.

Қазіргі уақытта екі ойыншы да Испанияда қалуды жөн көріп отыр. Дегенмен «Манчестер Юнайтед» ресми ұсыныс түсіріп, «Реал» басшылығымен тікелей келіссөздерді бастаған бойда жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.