Q Football

Феликс Нмеча топ-клубтардың қысқы трансферлік нысанасына айналды

Феликс Нмеча топ-клубтардың қысқы трансферлік нысанасына айналды
(c) Getty Images

Германия құрамасының жартылай қорғаушысы қаңтар айында Англияға ауысуы мүмкін.

Goal.com сайтының хабарлауынша, бірнеше клуб жақын арада Дортмундтың «Боруссиясымен» орталық жартылай қорғаушы Феликс Нмечаны сатып алу жөнінде келіссөздер бастайды.

Трансферлік сарапшы Джанлука Ди Марцио wettfreunde.net сайтына берген сұхбатында «Манчестер Юнайтедтің» футболшыға шынымен қызығушылық танытып отырғанын растады.

«Бұл рас. «Манчестер Юнайтед» Феликс Нмечаға қызығушылық танытып отыр», — деді ол.

Сонымен қатар Ди Марцио келіссөздер нақты кезеңге өтуі үшін «қызыл сойқандар» алдымен бас бапкерге қатысты жағдайды шешуі керектігін атап өтті. Майкл Кэррик маусымның сәтсіз басталуы үшін сынға ұшырап жатыр. Оның орнына Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері Юлиан Нагельсманн да үміткерлердің қатарында аталады.

Бұған дейін Нмечаға «Ливерпуль» мен «Ньюкасл Юнайтед» қызығушылық танытқаны хабарланған еді. Енді олардың қатарына «Рома» қосылды.

«Ромада» оны өте жоғары бағалайды және клуб қаңтарда футболшыны қатарға қосуға тырысады. Барлығы оның өз шешіміне байланысты. Феликс қаңтарда командадан кетуге дайын ба, әлде мансабындағы жаңа кезеңді бастау үшін жазға дейін күте ме?» — деп толықтырды Ди Марцио.

Нмечаның трансфері алдағы қысқы трансферлік кезеңде жүзеге асуы мүмкін. Алайда «Боруссияның» маусым ортасында негізгі ойыншыларының бірін жіберуге дайын екені әзірге белгісіз.

Жартылай қорғаушы Нико Ковачтың жоспарына кіреді, ал 26 жастағы футболшының клубпен келісімшарты 2030 жылға дейін жарамды. Сондықтан оны сатып алғысы келетін клубтарға қомақты қаржы жұмсауға тура келеді. Мәліметтерге сәйкес, трансфер құны 80 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.

Нмеча 2023 жылы «Вольфсбургтен» Дортмундтың «Боруссиясына» 30 миллион еуроға ауысқан. Осы маусымда ол барлық турнирде 11 матч өткізіп, екі гол соқты.