Q Football

Камавинга Галатасарайға ауысудан бас тартты

Камавинга Галатасарайға ауысудан бас тартты
Getty Images

Реалдың жартылай қорғаушысы клуб ұсынысты қарастыруға дайын болғанына қарамастан, Мадридте қалуға шешім қабылдады

Маттео Мореттоның ақпаратына сәйкес, мадридтік клуб 23 жастағы жартылай қорғаушыға қатысты ұсыныстарды тыңдап, оны сатудың мүмкіндігін қарастыруға дайын болған. Дегенмен соңғы шешімді Камавинга өзі қабылдап, командада қалуды таңдаған.

Бұған дейін «Галатасарай» Камавинга үшін шамамен 50 миллион еуро төлеуге әзір екені айтылған. Алайда келіссөздер футболшының бас тартуынан кейін жалғасын таппады.

Камавинга 2021 жылы «Ренннен» «Реалға» 31 миллион еуроға ауысқан. Оның мадридтік клубпен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін күшінде. 2025/26 маусымында жартылай қорғаушы барлық турнирде 43 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.