«Ювентус» «ПСЖ» форварды Рандаль Коло-Муаниді қатарына қосуға өте жақын, деп жазады Corriere dello Sport.
Франциялық клуб 30 миллион еуролық бастапқы ұсынысты кері қайтарып, 45 миллионнан астам қаражат талап еткен соң, Турин ұжымы талаптарды қайта қарады. Енді «бьянконери» 40 миллион еуродан асатын соманы бонустармен және кейінгі қайта сату пайызымен толықтырмақ.
Шабуылшының өзі «Ювентуске» ауысуға пейіл және туриндіктермен үнемі байланыста отыр. Итальяндық клуб келіссөзді шілденің соңына дейін толықтай аяқтаймыз деп сеніп отыр.
«Ювентус» Коло-Муанидің трансфері бойынша шешім тапты

Туриндіктер 40 млн еуродан асатын жаңа ұсыныс әзірлеп, келісімді осы айда аяқтауды жоспарлап отыр