Q Football

«Миланның» бас бапкері Аморим Леаудың клубтан кетуі мүмкін деген қауесеттер туралы пікір білдірді

«Миланның» бас бапкері Аморим Леаудың клубтан кетуі мүмкін деген қауесеттер туралы пікір білдірді

Оның айтуынша, ең маңыздысы - команданың мүддесі, ал Леау әзірге «Миланның» футболшысы болып қала береді

«Рафаэль - біздің ойыншымыз, әзірге ештеңе өзгерген жоқ. Ең бастысы - команда. Мұнда қиын ештеңе жоқ. Рафаэлмен, [Гонсалу] Рамушпен, [Алексис] Салемакерспен және әлем чемпионатынан оралған барлық ойыншымен сөйлесіп, алдағы жоспарымызды түсіндіремін. Олар біздің секілді клубта ойнаудың нені білдіретінін онсыз да біледі. Кейбір футболшыларымызға қатысты алып-қашпа сөз көп екенін білемін, бірақ әзірге олар біздің құрамда, ештеңе өзгерген жоқ», - деп Аморимнің сөзін журналист Джанлука Ди Марцио өз сайтында келтіреді.

Леау өткен маусымда барлық турнирде 31 матч өткізіп, 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Шабуылшының «Миланмен» келісімшарты 2028 жылдың жазының соңына дейін күшінде. «Трансфермаркт» дерегіне сүйенсек, футболшының нарықтық құны 50 млн еуро.