Q Football

«Пари Сен-Жермен» мен «Барселона» жартылай қорғаушы Родриді алу үшін «Реалмен» таласқа түсті

«Пари Сен-Жермен» мен «Барселона» жартылай қорғаушы Родриді алу үшін «Реалмен» таласқа түсті

Дереккөздің мәліметінше, париждіктер Родриді ықтимал трансферлеу шарттарын білу үшін «Манчестер Ситиге» әлдеқашан хабарласқан.

«Барселона» да 30 жастағы испандыққа қатысты нұсқаны қарастырып отыр. Френки де Йонгтың жарақатына байланысты каталондықтарға алаң ортасын күшейту қажет, әрі Родри үміткерлер тізіміне кіреді.

Қазір жартылай қорғаушы үшін таласта фаворит ретінде «Реал» аталады. Мадридтіктер ойыншының өзімен-ақ келісіп қойғаны айтылады, бірақ мәмілені аяқтау үшін клуб өз хавбектерінің бірін сатуы керек — осылайша «Реал» трансферге қаржы босатады.

«Манчестер Сити» өз тарапынан Родримен оңай қоштасқалы отырған жоқ. Ағылшындар 2027 жылға дейін жарамды келісімшартты ұзартқысы келеді. Тіпті жаңа келісімге қол қою мүмкін болмаса да, «қалалықтар» футболшыны кем дегенде келесі жазға дейін қалдыруды жоспарлап отыр және кейін ол тегін кетіп қалса да, оны бұдан ертерек жіберуге дайын емес.

Өткен маусымда АПЛ-де Родри 21 матч өткізіп, бір гол соқты.