Q Football

100 млн еуро + Дьёкереш: «Арсенал» «Атлетикоға» Альварес үшін алмасу шарттарын ұсынды

100 млн еуро + Дьёкереш: «Арсенал» «Атлетикоға» Альварес үшін алмасу шарттарын ұсынды
©️soccer.ru

Лондондықтар әлем чемпионын «Барселонадан» іліп әкету үшін өз шабуылшысы мен қомақты өтемақыны беруге дайын

«Арсенал» мадридтік «Атлетиконың» шабуылшысы Хулиан Альварес үшін таласқа түсіп, мадридтіктерге әсерлі мәміле ұсынды, деп хабарлайды Marca. «Канонирлер» € 100 млн қолма-қол ақша төлеуге, сондай-ақ шабуылшы Виктор Дьёкерешті беруге дайын.

Бұған дейін мадридтіктер тура осындай сома ұсынған «Барселонаға» бас тартқан болатын, өйткені олар жұлдызды ойыншыны Ла Лигадағы тікелей бәсекелестеріне жібергісі келмейді. Осыған байланысты Лондоннан түскен ұсыныс «матрасшылар» үшін басымдыққа ие болып отыр, ал Альварестің өзі клуб ауыстыруға дайын екенін білдірді.