Q Football

Бағдат Қайыров «Ақтөбеден» кетеді

Бағдат Қайыров «Ақтөбеден» кетеді
Aqtobe

Инсайдер Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, «Ақтөбе» капитаны әрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы үш маусымнан кейін клубтан кетеді

«Бүгін футбошы клуб басшылығымен кездесті, келіссөз қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты ұзартпауға шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Ақтөбе» маусымаралық үзілісте қорғаныс шебін қайта құруды көздеп отырғаны хабарланды. Клуб қорғаныстың қос қапталын жасартқысы келеді.

Қайыров «Ақтөбеге» 2024 жылдың қаңтарында «Тобылдан» ауысып келген еді. Ол ақтөбеліктер сапында 130 матч өткізіп, 3 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді. Қорғаушы командамен бірге Қазақстан кубогын жеңіп алды.