Журналист Экрем Конурдың хабарлауынша, 32 жастағы хавбек «Комоға» немесе «Ювентуске» ауысуы ықтимал. Сондай-ақ Хаканға Түркия чемпионатынан бірнеше клуб қызығушылық білдіріп отыр екен.
Чалханоглу «Интер» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 12 матчқа қатысып, үш гол соқты. Хаканның «нерадзурримен» келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.
