Q Football

«Челси» Алекс Скоттты «Ливерпульдің» қолынан жұлып алмақ

«Челси» Алекс Скоттты «Ливерпульдің» қолынан жұлып алмақ

Мерсисайдтықтарға орта шепті күшейтудің басқа жолдарын іздеуге тура келетін сияқты, енді басты үміткер «Монаконың» ойыншысы Ламин Камара болуы мүмкін.

Журналист Саймон Филлипстің мәліметінше, Лондон клубы «Борнмут» пен Англия құрамасының 23 жастағы жартылай қорғаушысымен жеке келісімшарт талаптарын ауызша келісіп қойған. «Көктер» желтоқсанның соңына дейін «шиелермен» трансфер жайын пысықтауды көздеп отыр, келісім сомасы 90–100 млн фунт болуы мүмкін.

«Келісім әлі толық жасалған жоқ, өйткені басқа клубтар да қызығушылық танытып отыр. Бірақ мұның болмай қоймайтынын сезіп тұрмыз», – деді Филлипс.

Скотт орта шепті күшейтуді қажет етіп отырған «Ливерпульдің» тізімінде бірінші тұрған еді. Sky Germany өкілі Флориан Плеттенбергтің дерегінше, ағылшыннан бөлек «қызылдардың» қысқа тізімінде 22 жастағы Камара да бар. Ол әлдеқайда арзанға түседі: өткен жазда «Челси» оның 47 млн фунтқа ауысуын келісіп қойғанымен, мәміле соңғы сәтте күйреген еді.