Q Football

«Бавария» «Кельнді» жеңе алмады, Кейн мен Олисе жарақат алды

«Бавария» «Кельнді» жеңе алмады, Кейн мен Олисе жарақат алды
© Getty Images

«Бавария» Бундеслиганың 10-турында өз алаңында «Кельнмен» 1:1 есебімен тең түсті. Мюнхендіктер есепті теңестіргенімен, жеңіске жете алмады.

Қонақтар 12-минутта алға шықты. Саид Эль-Маланың пасынан кейін Майки Мур Йонас Урбигтің қақпасына гол соқты.

20-минутта Гарри Кейн жарақатына байланысты алаңнан кетті. Оның орнына Том Бишоф шықты. 37-минутта Бишофтың пасынан кейін Натаниэль Браун әдемі соққымен есепті теңестірді.

Үзілісте жарақат алған Майкл Олисенің орнына Биндер шықты. Екінші таймда «Бавария» жеңіс голын соғуға ұмтылды, бірақ «Кельннің» қақпашысы Марвин Швебе мен қорғаушылары төтеп берді. Қонақтар да қауіпті шабуылдар жасады. Йонас Урбиг бірнеше рет «Баварияны» голдан құтқарды.

Бавария — Кёльн 1:1

Голдар: Браун, 37 - Мур, 12

Бавария: Урбиг — Лаймер (Мусиала, 70), Упамекано (Мин Джэ,71), Та, Станишич — Киммих, Павлович (Коджо-Эвора, 87) — Олисе (Биндер, 46), Карл, Браун — Кейн (Бишоф,20)

Кёльн: Швёбе — Шмид, Симпсон-Пьюзи, Лочошвили — Себулонсен (Хески, 86), Окон-Энгстлер (Тильманн,77), Краусс, Мур (Бюльтер, 90), Соса — Майна (Йоуханнессон, 77), Эль-Мала (Кастро-Монтес, 86)

Ескертулер:Упамекано - Окон-Энгстлер, Эль-Мала