Трибунада «Клуб түстеріне қол сұғуға болмайды» деген жазу пайда болды. Сонымен қатар жанкүйерлер «Біз қызыл-ақ жейделерді қалаймыз» деп ұрандатты.
Наразылыққа Октоберфестке арнайы шығарылған жаңа «Визн» формасы себеп болды. Жиынтық ашық әрі түрлі-түсті дизайнмен жасалған, ал жейденің негізгі түсі қара болды. Венсан Компани командасы «Унионға» қарсы матчқа дәл осы формада шықты.
Ойын алдында Серж Гнабри жаңа дизайнға оң баға беріп, жағдайды жұмсартуға тырысты.
«Жақсы көрінеді. Өте батыл дизайн, бірақ бүгінге тамаша нұсқа», — деді футболшы.
Қызығы, қарсылас та түстер тұрғысынан ерекше контраст жасады: Берлиннің «Унионы» алаңға қызыл формада шықты.
«Бавария» жанкүйерлері үшін бұл экипировкаға қатысты алғашқы наразылық емес. Бұған дейін де олар команданың дәстүрлі қызыл-ақ түсті форманы жиірек қолдануын бірнеше рет талап еткен.
