Инсайдер Фабрицио Романоның ақпаратынша (Vesti.kz хабарлауынша), манкуниандықтар Джеймс Траффордтың «Лидске» жақын арадағы трансфері аясында келіссөздерді жеделдетуде.
2022 жылғы Мундиальдың 34 жастағы триумфаторы Англияға өту перспективасын оң бағалап отыр, ал провансальдықтар АПЛ гигантының ойыншының құқығын сатып алу ниегінен хабардар. Француздармен келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды қақпашының нарықтық құны 6 миллион еуроға бағаланып отыр.
Айта кетерлігі, аргентиналық үшін бұл қадам манкуниандықтар құрылымына екінші рет келу болмақ — қақпашы 2016/17 жылғы маусымда ағылшын клубының өтінімінде тіркелген еді.
