AS басылымының мәліметінше, осы аптада мадридтік клуб өкілдері Германияда «Лейпциг» басшыларымен келіссөз жүргізді. Сонымен қатар, 19 жастағы шабуылшының өзі де «Реалға» ауысуға келісім берген. Трансфердің жалпы құны 115-120 миллион еуро болады деп күтілуде.
Дереккөздің хабарлауынша, бұған дейін Диомандтың болашағы «ПСЖ»-мен байланыстырылғанымен, «Реал» келіссөздерді көпшілік назарынан тыс жүргізген. Сондай-ақ мадридтіктер «Бавария» вингері Майкл Олисеге қызығушылық танытып жатыр деген ақпаратты пайдаланып, негізгі трансферлік жұмысын жасырын жүргізген.
Өткен маусымда жас шабуылшы барлық турнирде 36 матч өткізіп, 13 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны 90 миллион еуроға бағаланады.
