Q Football

Маласия «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін мансабын МЛС-та жалғастырады

Маласия «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін мансабын МЛС-та жалғастырады

«Цинциннати» Нидерланд құрамасының 27 жастағы қорғаушысы Тайрелл Маласияны ресми түрде қатарға қосқанын хабарлады.

Футболшы америкалық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Оның келісімшарты келесі жылдың маусымына дейін есептелген және 2027/28 маусымына дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырады.

Маласия «Фейеноордтан» ауысқаннан кейін 2022 жылдан бері «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсетті. Алайда Англиядағы кезеңінің едәуір бөлігі жарақаттармен өтті. Соның салдарынан қорғаушы манкуниандық клуб үшін небәрі 50 матч өткізді.

«Цинциннатидің» бас менеджері Крис Олбрайт жаңа ойыншының тәжірибесі мен әмбебап қасиеттерін ерекше атап өтті.

«Ол ең жоғары деңгейде ойнады және мұндай бәсекенің талаптарын жақсы біледі. Доппен жұмыс істеуі, қорғаныстағы шеберлігі және командалық көзқарасы біздің ұжымға үлкен көмек болады», — деді Олбрайт.

«Цинциннатиге» ауысу Маласия үшін Еуропадан тыс клубтағы алғашқы тәжірибе болмақ.