Q Football

Педру Нету 2032 жылға дейін Лондонда қалады

Педру Нету 2032 жылға дейін Лондонда қалады
©️Getty Images

26 жастағы португалиялық вингер клубпен жаңа ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды

Осыдан екі жыл бұрын «Вулверхэмптоннан» ауысқан шабуылшы лондондықтардың шабуыл шебіндегі басты көшбасшыларының біріне тез айналды.

Ол 108 кездесуде 21 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді және команданың Конференция лигасы мен Клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңістерінде шешуші рөл атқарды.