Өткен маусымда Тиджани Рейндерс барлық турнирде 47 матч өткізіп, жеті гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді. Оның «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, жартылай қорғаушының нарықтық құны - 50 миллион еуро.
«Ноттингем Форест» «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Рейндерспен құрамын күшейткісі келеді

Романоның ақпараты бойынша, Рейндерс алаң ортасын күшейту нұсқаларын қарастырып жатқан «орманшылардың» трансферлік шорт-листына енді. Бұған дейін «қалалықтардың» хавбегіне «Ньюкасл Юнайтед» те назар аударған болатын