Кездесуді қонақтар қарқынды бастап, 6-минутта алға шықты. Артур Теате Дани Мотаға қарсы ереже бұзғаннан кейін төреші пенальти белгіледі, ал Густаво Варела 11 метрлік соққыны дәл орындады.
Осыдан кейін «Болонья» біртіндеп ойынды бақылауына алып, шабуылын үдете түсті. 16-минутта Йенс Одгорд есепті теңестіруге жақын болды, бірақ «Монцаның» қақпашысы Ноэль Тьорнквист оның соққысын қайтарды. Дегенмен 33-минутта алаң иелері мақсатына жетті: Хуан Миранда бұрыштамадан асырған допқа Томмазо Побега айып алаңында бірінші болып үлгеріп, қуатты соққымен есепті 1:1-ге жеткізді.
Екінші таймда «Болонья» қысымды күшейтіп, 59-минутта пенальти арқылы алға шықты. Федерико Бернардески өз мүмкіндігін мүлт жібермей пайдаланды.
Матчтың қалған бөлігінде «Монца» таразы басын теңестіруге талпынды. Қонақтар да пенальтиге ие болды, алайда Кутроне мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Соңғы минуттарда «Болонья» басымдықты сақтап, ойынды жеңіспен түйіндеді.
Осы нәтижеден кейін «Болонья» үш ұпай алып, турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі орындар үшін күресін жалғастырып келеді. Артем Добрик 83-минутта алаңға шыққанымен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
«Болонья» - «Монца» 2:1
Голдар: Побега, 33, Бернардески, 59 (пен) - Варела, 6 (пен)
«Болонья»: Скорупски - Витик (Дармиан, 75), Казале, Теате - Дзортэа (Амондарайин, 83), Фергюсон, Побега (Эль-Аззузи, 75), Миранда - Бернардески (Добрик, 83), Камбьяги - Одгор
«Монца»: Тьорнквист - Куадио (Туре, 66), Луккези, Гогличидзе - Биринделли, Ондоа, Коломбо (Мут, 66), Мангаш - Мота (Кутроне, 71), Себальос (Робинсон, 47) - Варела (Нгонге, 71)
Ескертулер: Одгор, Побега, Дзортэа, Амондарайин - Мангаш, Туре
