Грэм Бейлидің хабарлауынша, «Арсенал» Эндрикті сатып алу мүмкіндігімен жалға алуға дайын. Бас бапкер Жозе Моуринью мен «Реал» басшылығына да бұл ұсыныс ұнапты. Бірақ Мадридтің клубы түбі ойыншысын қайтарып алуды көздеп отыр.
20 жастағы бразилиялық форвард осы маусымда бес матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның «бланкоспен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
