Жаңа шарт бойынша Лінделеф командада кем дегенде 2028 жылдың жазының соңына дейін қалады. Сонымен бірге келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Виктор Линделеф «Астон Вилла» сапына былтыр жазда еркін агент ретінде қосылған. Осы кезеңде ол өткен маусымда Еуропа лигасын жеңіп алған ұжымның маңызды ойыншыларының біріне айналды.
Биылғы маусымда швециялық қорғаушы бирмингемдіктер құрамында барлық турнирде 14 матчқа қатысты, бірақ әзірге гол не нәтижелі пас сияқты көрсеткіштер тіркеген жоқ.
