Бұған дейін Аклиуштың өзі «ПСЖ»-мен жеке келісімшарттың шарттары бойынша келісіп қойғаны хабарланған еді. Жақын арада тараптар ауысуды аяқтау үшін қажетті қалған формальдылықтарды реттейді деп күтілуде.
Аклиуш — «Монако» клубының түлегі және 2022 жылдың жазынан бері негізгі командада ойнап келеді.
Өткен маусымда жартылай қорғаушы 43 матч өткізіп, жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Ойыншының монегаскілермен қолданыстағы келісімшарты 2028 жылдың жазыңа дейін есептелген.
