Туриндіктер «Леччені» Уэстон Маккенни мен Дуглас Луистің голдарының арқасында 2:0 есебімен ұтып, сәтсіз сериясын үзді. Бұған дейін команда «Лациоға» ауыр жеңіліс тауып, Еуропа лигасында «Реннмен» тең ойнаған еді.
«Бүгін жеңу өте маңызды болды. Команда ауызбіршілік танытты, не істеу керек екенін білдік. Егер жеңбегенімізде, ешқандай сөздің мәні болмас еді. Бұл жеңіс алдағы көптеген жеңістің алғашқысы болып, турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары көтерілуге жол ашады деп үміттенеміз», — деді Лукуми DAZN арнасына.
Дегенмен қорғаушы екінші таймдағы ойынға көңілі толмағанын жасырмады. «Италияда қарсыластар допты қатты қысыммен тартып алуға тырысады. Егер алдымен допты қабылдап, содан кейін ғана онымен не істейтініңді ойласаң, көп уақыт жоғалтасың. Екінші таймда да солай болды: біз маңызды доптардан айырылып, қарсылас сенімге ие болды. Қорғанысты жақсы ұстадық, бірақ ойынды басқаша басқаруымыз керек еді», — деді ол.
Сондай-ақ Лукуми командаға серіктері мен бапкердің арқасында тез бейімделгенін айтып, ойын жүйесінің өзгеруіне пікір білдірді. «Бұл клубта бапкер қайда ойна десе, сонда ойнауға дайын болуың керек. Бұл жеңіс біздің жолымыз үшін және кестеде алға жылжу үшін маңызды», — деді колумбиялық Sky Sport-қа берген сұхбатында.
