25 жастағы украиналық ойыншы трансферлік терезе жабылар сәтте «Тоттенгемге» бір маусымға жалға келді. Осы ауысым арқылы Мудрик бұрын «Шахтерде» бірге жұмыс істеген Роберто Де Дзербимен қайта табысты.
Келісімде сатып алу опциясын міндетті түрде іске қосу талабы жоқ. Дегенмен дереккөз мәліметінше, егер Мудрик осы маусымда күткен үмітті ақтаса, «Тоттенгем» толық соманы төлеуге дайын. Түпкілікті шешімге Де Дзербидің бағасы әсер етуі мүмкін, өйткені бапкер ойыншының әлеуетін бұрыннан жоғары бағалайды.
Айта кетейік, Мудрик жуырда «Тоттенгем» сапында алғашқы ойынын өткізді. Украиналық вингер 2024 жылдың қарашасынан бері алғаш рет ресми матчта алаңға шығып, АПЛ-дегі «Ноттингем Форестке» қарсы кездесуде қосалқы құрамнан ойынға қосылды.
