Q Football

«Барселонада» қаңтардағы трансферлік терезе алдында шамамен 60 млн еуро бос лимит бар

«Барселонада» қаңтардағы трансферлік терезе алдында шамамен 60 млн еуро бос лимит бар
Getty Images

Клубта бұл қаражатты жұмсамай, 75%-ын келесі маусымға көшіру нұсқасы қарастырылуда

Егер жоспар іске асса, клуб келесі маусымның жалақы ведомосінде қосымша 45 млн еуро шамасында мүмкіндік алады. Бұл «Барсаға» жазда көбірек еркіндік береді: трансферлік нарықта белсендірек жұмыс істеуге және жаңа ойыншыларды оңайырақ тіркеуге жағдай жасайды.

Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Клубта қай қадам ұзақ мерзімде көбірек пайда әкелетіні сарапталуда — құрамды қыста күшейту ме, әлде лимитті келесі маусымға сақтау ма?