Одан кейін ағылшын футболшысы 2026 жылдың 25 шілдесінде Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен «Ақтөбе» - «Оқжетпес» матчын трибунадан тамашалады. Қазақстан Премьер-Лигасының 19-туры аясындағы кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Аманбаевтың жазуынша, дәл осы ойыннан кейін Оджо ауысуға түбегейлі келісім берген. Вингер стадиондағы атмосфера мен ақтөбелік жанкүйерлердің қолдауына ерекше әсерленген.
Оджоның соңғы клубы - словениялық «Марибор». Оның келісімі 2026 жылдың 30 маусымында аяқталғандықтан, «Ақтөбеге» еркін агент ретінде қосылады. Футболшының болжамды трансферлік құны 600 мың еуро шамасында.
Шейи Оджо - «Ливерпуль» түлегі. Ол 2011 жылы «МК Донс» академиясынан мерсисайдтық клубтың жүйесіне ауысып, негізгі құрамда 13 матч өткізіп, бір гол соққан. Сондай-ақ жалға беру шартымен «Уиган», «Вулверхэмптон», «Фулхэм», «Реймс», «Рейнджерс», «Кардифф Сити» және «Миллуолл» сапында ойнады. 2022 жылдың жазында «Ливерпульмен» біржола қоштасты.
2017 жылы Оджо Англияның 20 жасқа дейінгі құрамасымен Оңтүстік Кореяда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алды: финалда ағылшындар Венесуэланы 1:0 есебімен жеңді.
Клубтық мансабында вингер 353 матчқа қатысып, 42 гол соғып, 35 нәтижелі пас берген.
