Q Football

Нассер әл-Хелаифи Родриді «ПСЖ»-ға шақырып, «Реалдан» кек алуды көздеп отыр

Нассер әл-Хелаифи Родриді «ПСЖ»-ға шақырып, «Реалдан» кек алуды көздеп отыр
©️As

AS дерегінше, париждік клуб басшысы ивуарлық футболшының трансфері толық шешілді деп санаған.

Бірақ «Лейпцигтің» қанат ойыншысы «Реалдан» ұсыныс түскен соң «ПСЖ»-ға бару нұсқасынан бас тартқан.

Осы жағдайдан кейін Әл-Хелайфи бас бапкер Луис Энрике бастаған жаттықтырушылар штабының пікіріне қарамастан, Родриді қалай болғанда да алдыруға бекінгені айтылады.

Әл-Хелайфидің дәл испаниялық жартылай қорғаушыға тоқтауы «Реалдың» «Манчестер Сити» ойыншысына қызығушылығы туралы қауесеттермен қатар шықты. Дегенмен Родридің басты басымдығы - Ла Лигаға қайта оралу.