Q Football

«Монца» Италия футболындағы алпауыттармен бәсекелесуді көздейді

«Монца» Италия футболындағы алпауыттармен бәсекелесуді көздейді
©️BBC SPORT

«Монца» «Милан», «Интер» және соңғы уақытта танымалдылығы артқан «Комо» клубтарының көлеңкесінде қалмай, Италияның үздік командаларының қатарына қосылуды мақсат етеді.

1912 жылы құрылған клуб алғаш рет 2022 жылы А сериясына көтерілді. Жоғарғы дивизионда үш маусым өткізгеннен кейін төмендеп кеткен команда биыл мамырда қайтадан элитаға оралды. Қазір клуб америкалық Beckett Layne Ventures компаниясына тиесілі, ал команданы «Саутгемптонның» бұрынғы бапкері Иван Юрич жаттықтырады.

Клубтың бас директоры Мауро Балдиссони «Монцаның» басты артықшылықтары ретінде Миланға жақын орналасуын, дамыған инфрақұрылымын және скауттардың қызығушылығын атады. Мамандар өңірге бір сапарында бірнеше клубтың ойынын тамашалай алады.

«Монцаның» негізгі жоспары — жас таланттарды ерте анықтап, дамытып, кейін оларды қаржылық мүмкіндігі жоғары клубтарға сату. Бұған «Бенфикадан» 2,5 миллион фунтқа алынған 21 жастағы Густаво Варела мысал бола алады. Ол осы маусымда А сериясының тоғыз матчында тоғыз гол соғып, Португалия құрамасына алғаш рет шақырту алды.

Сонымен қатар клуб «Саутгемптоннан» 19 жастағы ағылшын футболшысы Джей Робинсонды жалға алды. «Монца» жас ойыншылармен жүйелі жұмыс істеу арқылы қаржылық мүмкіндігі жоғары командалармен бәсекелесуге болады деп есептейді.

Ұзақ мерзімді жоспарлардың бірі — «Бриантео» стадионын қайта жаңарту. Бұл клубтың табысын арттыруға мүмкіндік береді. Басшылық жас таланттарды тауып, дамытудың арқасында табысқа жеткен «Сассуоло» мен «Аталанта» клубтарының тәжірибесін үлгі тұтады.