Q Football

Инфантино қызметінен кетпесе, УЕФА, АФК және КОНКАКАФ «ФИФА-ның жұмысын тоқтатуды» жоспарлап отыр. Баламалы халықаралық турнирлер құрылуы мүмкін.

Инфантино қызметінен кетпесе, УЕФА, АФК және КОНКАКАФ «ФИФА-ның жұмысын тоқтатуды» жоспарлап отыр. Баламалы халықаралық турнирлер құрылуы мүмкін.
©️The Times

Өткен аптада ФИФА-ның турнир құқықтарын сатуға арналған «FIFA Forward Enterprise» жеке коммерциялық құрылымын іске қосу жоспары белгілі болғаннан кейін жағдай тіпті ушыға түсті

Бұл идея конфедерациялардың шұғыл қарсылығын тудырды, ал УЕФА-ға мүше елдер Әлем чемпионатына бойкот жариялау мүмкіндігі туралы айта бастады. Нәтижесінде Инфантино бұл схемадан бас тартты.

Бірақ, «The Times» басылымының жазуынша, УЕФА, АФК және КОНКАКАФ тоқтап қалмақ емес және Инфантино қызметінен кетпей, қайта сайлауға түсуге шешім қабылдаса, бірнеше сценарийді қарастыруда. Бұл қадамдардың мақсаты қатаң тұжырымдалған - «ФИФА-ның жұмысын тоқтату».

Нұсқалардың арасында - ФИФА Кеңесінің және ұйым комитеттерінің отырыстарына бойкот жариялау, сондай-ақ Халықаралық футбол федерациясының шешімдерін бекітуден бас тарту бар. Сонымен қатар радикалды қадам да талқылануда: баламалы халықаралық турнирлерді іске қосу. Басылымның мәліметінше, УЕФА-да дайын жоба бар - 2017 жылы ұйымның тапсырысы бойынша дайындалып, бірақ жүзеге аспай қалған жаһандық Ұлттар лигасының жобасы.

Дереккөздердің бірі конфедерациялардың нақты ниетін ашық жеткізді: «Бәрі де оның кетуін талап етіп отыр. Егер бұл орындалмаса, біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл алдағы халықаралық турнирлерге де қатысты. Оңтүстік Америка құрамалары кіммен ойнағанды жөн көреді деп ойлайсыз - Франция мен Испаниямен бе, әлде Ливан мен Джибутимен бе? Барлығының ұстанымы өте қатаң, ешкім шегінбек емес».

Сонымен қатар, Уэльс ФИФА президентінің алдағы сайлауында Инфантиноны қолдау туралы хатын бірінші болып кері қайтарып алғаны, ал Англия мұны жақын арада жасайтыны айтылуда. Сондай-ақ Инфантино бүгін Трамп кабинетінің мүшелерімен телефон арқылы сөйлесіп, ФИФА басшысының алдағы сайлауында қолдау сұрайтыны хабарланды. Бұл туралы Саймон Стоун жазды.