Қазіргі келісім 2027 жылдың жазына дейін күшінде болғандықтан, келіссөздердің барысы ойыншының келешегіне әсер етуі мүмкін.
«Манчестер Юнайтед» Матетаға бұрыннан қызығушылық танытып келеді және қазір де бұл бағыттағы ахуалды жіті қадағалап отыр. Бұған дейін жазда «Кристал Пэлас» шабуылшыға келісімді ұзартуды ұсынғаны, сондай-ақ оны 20-25 миллион фунтқа «Астон Виллаға» сатудан бас тартқаны хабарланған.
Матета «Кристал Пэлас» сапында 2021 жылдың қаңтарынан бері ойнап жүр. Осы маусымда ол барлық турнирде бес матчқа қатысып, бір гол соқты.
Шабуылшының «Тоттенхэмге» қарсы соңғы кездесуі сәтсіз аяқталды: «Кристал Пэлас» 0:2 есебімен ұтылған ойында Матета 13-минутта тікелей қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.
