Q Football

«Ювентус» «Интер» аңызын еске алу минутындағы ультрас демаршы үшін айыппұл арқалады

«Ювентус» «Интер» аңызын еске алу минутындағы ультрас демаршы үшін айыппұл арқалады
©️gazzetta.it

Италия футбол федерациясы туриндықтарға қаржылай санкция салды, ал «бьянконери» басшылығы өзінің экстремалды жанкүйерлерінің бұл әрекетін ресми түрде айыптады

Туриннің «Ювентусы» Серия А-ның 5-турындағы «Аталантаға» қарсы матч алдында радикальды фанаттардың орынсыз әрекеті үшін Серия А тәртіптік комитетінен 10 мың еуро көлемінде айыппұл алды. Оңтүстік трибунадағы ультрастың шағын тобы «Интердің» марқұм экс-шабуылшысы Сандро Маццоланы еске алуға арналған үнсіздік минутын елемей, алаңға арқасын берді және туриндық клубтың аңыздарын ұрандата бастады. «Альянц Стэдиумдағы» қалған жанкүйерлер фан-трибунаның бұл әрекетін шапалақ соғып басуға тырысты.

«Бьянконери» басшылығы бірден ресми мәлімдеме жасап, ешқандай принципиалды бәсекелестік қайтыс болған адамның рухын сыйламауға сылтау бола алмайтынын атап өтті. Италия футбол федерациясы дәл осы «Ювентустың» жедел реакциясы мен стадиондағы көрермендердің бұл қылықтан бойын аулақ салуы бастапқы айыппұл көлемін азайтуға мүмкіндік бергенін растады.