«Иә, «ПСЖ» секілді алып клубта ойнау - мен үшін орасан үлкен арман. Париждіктердің қаншалықты қуатты команда екенін бәрі біледі.
«ПСЖ» әлемдегі ең үздік клубтардың қатарына кіреді. Мен оны «Реал», «Барселона» және «Арсеналмен» бір қатарға қояр едім. Мұндай деңгейдегі командада ойнауды тек мен ғана емес - көптеген футболшы мақсат етеді», - деді Маза.
Осы маусымда алжирлік жартылай қорғаушы барлық турнирде «Байер» сапында сегіз матчқа қатысып, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
