Q Football

«Интер» қос мәрте артта қалғаннан кейін дер кезінде есін жиды

«Интер» қос мәрте артта қалғаннан кейін дер кезінде есін жиды
Getty Images

Бес гол соғылды және үш гол жіберілді. Сандар туралы айта берсек, төрт турда төрт жеңіс. Кристиан Киву баптайтын «Интер» керемет қарқында, дегенмен бұл туралы

Серия А-ның 4-туры аясында Миландағы «Джузеппе Меацца» («Сан-Сиро») стадионында өткен ойында «Интер» «Удинезені» 5:3 есебімен жеңді. Кристиан Чиву баптайтын миландықтар төрт турдың төртеуінде де үш ұпай алып, чемпионаттағы қарқынын сақтап қалды.

Матчтың басы алаң иелері үшін сәтсіз өтті. «Удинезе» 9-минутта Унаи Гомес асырған доптан кейін Абанкваның баспен соққан голымен алға шықты. Араға көп салмай, 16-минутта Эккеленкамп есепті 0:2-ге жеткізіп, қонақтар «Интерді» қиын жағдайға қалдырды.

Дегенмен «нерадзуррилер» үзіліске дейін-ақ ойынды теңестіріп үлгерді. 26-минутта Карлос Аугусто сол аяғымен айқастыра теуіп, есеп айырмасын қысқартты. 35-минутта Тюрамның пасынан кейін Барелла дәл соққы жасап, таблода 2:2 пайда болды.

Екінші таймда ойын толықтай «Интердің» пайдасына ауысты. 57-минутта Маркус Тюрам камбэкті аяқтап, командасын 3:2 есебімен алға шығарды. 67-минутта Пио Эспозито Зелиньскидің голдік пасын тиімді пайдаланып, есепті 4:2 етті. 79-минутта Бонни бесінші голды соқты. Ал 90-минутта Гейе «Удинезенің» үшінші добын енгізгенімен, матчтың тағдырына әсер ете алмады - 5:3.

Ойынға Лука Пайретто төрешілік етті: «Интер» сапынан Мхитарян 60-минутта, «Удинезе» сапынан Дэвис 45-минутта сары қағаз алды.

Командалардың құрамы:
5 - «Интер»: Х. Мартинес; Аканжи, Стоунз (Павар, 62-мин.), Бастони (Димарко, 70-мин.); Диуф, Барелла, Зелиньски (Станкович, 82-мин.), Мхитарян (Джонс, 62-мин.), Карлос Аугусто; Тюрам (Бонни, 70-мин.), Эспозито.
3 - «Удинезе»: Окойе; Абанква, Кабаселе, Эбоссе; Войвода (Бертола, 74-мин.), Миллер (Чакветадзе, 73-мин.), Карлстрём, Камара; Эккеленкамп (Ловрич, 80-мин.), Гомес (Гейе, 61-мин.); Дэвис (Байо, 80-мин.).

Голдар: 0:1 - Абанква (9-мин.); 0:2 - Эккеленкамп (16-мин.); 1:2 - Карлос Аугусто (26-мин.); 2:2 - Барелла (35-мин.); 3:2 - Тюрам (57-мин.); 4:2 - Эспозито (67-мин.); 5:2 - Бонни (79-мин.); 5:3 - Гейе (90-мин.).

Бұл нәтиже «Интердің» шабуылдағы әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті, алайда команда үш гол өткізіп алды. Енді Чиву шәкірттерін келесі турда әлдеқайда салмақты сынақ күтіп тұр: келесі жексенбіде «Олимпикода» дәл қазір төрт ойыннан төрт жеңіс алып келе жатқан «Ромамен» кездеседі. Бұл ойында екі команданың бірінің мінсіз сериясы үзіледі.