Беларусь ойыншысы маусым айында «Ертістен» Ақтауға ауысып, аз уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол 14 матчта 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
ASnews.kz сайтының хабарлауынша, 28 жастағы вингер Астананың бір клубымен келіссөз жүргізіп үлгерген. Жақын арада жаңа командасымен келісімшартқа қол қоюы мүмкін.
