Миятович басқа клубта бірінші жұлдыз болғанша, «Реалда» Мбаппеден кейінгі екінші орында жүргеннің өзі артық екенін атап өтті. Ардагер футболшының айтуынша, қосымша 2–3 миллион еуро үшін Мадридтен кететін ойыншылар бір айдан кейін өкініп, қателескенін түсінеді, бірақ бұл клубқа қайта оралу мүмкін емес.
Винисиус мадридтік ұжым сабында 2018 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде бразилиялық вингер 375 кездесуге қатысып, 128 гол соқты және 100 нәтижелі пас берді. Футболшының «Реалмен» амалдағы келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал трансферлік құны 140 миллион еуроға бағаланып отыр.
