Q Football

Ливерпуль Уортонды сатып алуы мүмкін

Ливерпуль Уортонды сатып алуы мүмкін
Getty Images

Мерсисайдтықтар алдағы трансферлік терезелерде лондондық клубтан кетуі мүмкін «Кристал Пэлас» жартылай қорғаушысына қайтадан қызығушылық таныта бастады

Бұл туралы «TEAMtalk» басылымы жазды.

Дереккөздің мәліметінше, мерсисайдтық клуб 22 жастағы хавбекті тұрақты түрде бақылап отыр. Күтілім бойынша, Вортон «қырандардан» алдағы екі трансферлік терезенің бірінде кетуі мүмкін.

«Ливерпуль» футболшыны біраз уақыттан бері назарда ұстап келеді, бірақ өткен жазда команда басқа позицияларды күшейтуге басымдық берген. Вортонға «қызылдардан» бөлек, «сауысқандар» да белсенді қызығушылық танытып отыр.

2026/27 маусымында Адам Вортон «Кристал Пэлас» сапында барлық турнирде төрт матч өткізді, алайда әзірге нәтижелі әрекет тіркеген жоқ.

Transfermarkt порталы ағылшын жартылай қорғаушысының нарықтық құнын 70 миллион еуро деп бағалайды.