Q Football

Әлем чемпионы Мартинестің «Ювентуске» ауысуы туралы келісім бұзылуға жақын

Әлем чемпионы Мартинестің «Ювентуске» ауысуы туралы келісім бұзылуға жақын

Туриндік «Ювентус» «Астон Вилла» мен Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинесті сатып алу жоспарын әлі де күн тәртібінен түсірмеді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді

Романоның айтуынша, келіссөздер қазір тоқырап тұр: 33 жастағы әлем чемпионының трансфері бирмингемдік клуб қойған қаржылық талаптардың тым жоғары болуына байланысты ілгерілемей жатыр.

Эмилиано Мартинес «Астон Вилла» сапына 2020 жылдың қыркүйегінде қосылған. Қақпашының клубпен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt дерегінше, ойыншының нарықтық құны шамамен 12 млн еуро.

2025/2026 маусымында Мартинес клуб деңгейінде 44 матч өткізіп, 49 гол жіберді, сондай-ақ 14 ойында қақпасын құрғақ ұстады.