Q Football

Скалони: Ромеро - әлемдегі ең үздік орталық қорғаушылардың бірі

Скалони: Ромеро - әлемдегі ең үздік орталық қорғаушылардың бірі

«Кути Ромеро тың болса, ол - әлемдегі ең үздік орталық қорғаушылардың бірі. Ол сөзсіз үздіктердің қатарында. Ешқандай күмән жоқ», - деді Скалони.

Скалони бұған дейін Ромероның соңғы уақытта әрдайым оңтайлы физикалық қалыпта бола бермейтінін де тілге тиек еткен. Оның айтуынша, 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде қорғаушы жүз пайыз дайын болмаған, бірақ соған қарамастан алаңға шығуы ұлттық құрама үшін өте маңызды болған.

Боливияға қарсы ойында Ромероға ерекше міндет жүктелді: ол алғаш рет Аргентина құрамасының негізгі капитаны ретінде алаңға шықты. Бұл матчта қорғаушы тек команданы бастап қана қоймай, гол да соқты - 4:0 есебімен аяқталған кездесуде аргентиналықтардың үшінші добын соқты.

Сонымен қатар бас бапкер Ромероға әлі де жетілдіретін тұс барын ескертті. Скалони капитан ретінде алаңдағы ойын мәнері мен мінез-құлқын қадағалап, әріптестеріне үлгі болуға шақырды.

«Кейде ол эпизодтарда сәл артық кетіп қояды, соны түзетуі қажет. Енді ол құрама капитаны да, сондықтан оның жүріс-тұрысы үлгілі болуы тиіс», - деп қосты Скалони.

Ал Ромеро Боливиямен матчтан кейін бұл кештің өзі үшін ерекше өткенін айтты. Кездесу Кордовада ұйымдастырылды - қорғаушы кәсіби футболдағы дебютін дәл осы қалада «Бельграно» сапында жасаған. Бұл жолы ол сол стадионға Аргентина құрамасының капитаны әрі гол авторы ретінде қайта оралды.