Q Football

Мануэль Нойер жарақат алғаннан кейін пікір білдірді

Мануэль Нойер жарақат алғаннан кейін пікір білдірді

«Бавария» қақпашысы «Майнцқа» қарсы ойында (2:1) оң аяғының табан сіңірін жыртып алып, 2-3 айға қатардан шыққан еді

«Жарақат қашан да қолайсыз сәтте болады, бірақ бұл футбол. Мен бұған дейін мұндайдың талайын көргенмін. Бұл жолы да оңай айығып шығамын. Енді бар назарымды ем алуға аударамын.

Ал әзірге алаңдағы жігіттерді қолымнан келгенше қолдаймын. Жылы лебіздеріңіз үшін көп рақмет»,— деді Нойер Instagram-парақшасында.

40 жастағы германиялық голкипер осы маусымда тоғыз матчта алты гол өткізіп, төрт ойында қақпасына доп жібермеді. Оның Мюнхен клубымен келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.