Q Football

Эспидің «Реалдағы» жалақысы сегіз есе өсті

Эспидің «Реалдағы» жалақысы сегіз есе өсті
©️Sport.es

Шабуылшы Карлос Эспи «Левантеден» мадридтік «Реалға» ауысқаннан кейін оның еңбекақысы күрт өсті. Sport.es басылымының жазуынша, 21 жастағы форвард енді жылына 3,36 миллион еуро алатын болады - бұрынғы 420 мың еуромен салыстырғанда бұл сегіз есе көп

«Реал» Эспидің трансферін ресми түрде бейсенбі, 30 шілдеде жариялады. Журналист Фабрицио Романоның дерегінше, мадридтік клуб 21 жастағы форвардты 25 млн еуроға сатып алу опциясын іске қосқан.

Эспи өткен маусымда барлық турнирде 27 матч өткізіп, 13 гол соқты. Оның «Левантемен» келісімі 2027 жылдың жазына дейін жарамды болуы керек еді. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 20 млн еуро деп бағалайды.