24 жастағы футболшыға Лучано Спаллетти ерекше әсер қалдырған. Вольтемаденің айтуынша, бапкер онымен бірден жеке жұмыс істей бастаған және тіпті оны фриз тұқымды жылқымен салыстырған. Бұл — ірі әрі төзімді жылқы тұқымы.
«Онымен отбасыммен бірге алғаш кездескенде бәріміз бір нәрсені ойладық: аура. Оның аурасы өте мықты. Өзі сабырлы көрінеді, бірақ не қалайтынын өте анық біледі», — деді шабуылшы DAZN-ге берген сұхбатында.
Вольтемаде Джанлуиджи Буффонның өзін Златан Ибрагимовичпен салыстырғанына да тоқталды. Неміс футболшысы мұндай сөзді аты аңызға айналған қақпашыдан естудің өзі үлкен құрмет екенін айтып, болашақта швед шабуылшысының жетістіктерінің кем дегенде бір бөлігіне жетуді қалайтынын жеткізді.
Шабуылшы қажет болған жағдайда Рандаль Коло Муани артында «ондық» позициясында ойнауға дайын екенін де айтты. Бұған дейін ол «Штутгартта» және «Ювентустың» «Миланға» қарсы матчында осы рөлде өнер көрсеткен.
