Журналист Кристиан Фальктің дерегінше, мюнхендік клуб 23 жастағы форвардты Харри Кейннің ұзақмерзімді мұрагері ретінде көреді. Сонымен қатар «Бавария» Шешконы жақын уақытта тәжірибелі сұрмергенмен бір шабуыл шебінде қатар ойнату нұсқасын да қарастырып жатыр.
Қазір бұл мәселе талқылау деңгейінде ғана. Дереккөз мәліметінше, Бундеслига чемпионы словениялық шабуылшыға қатысты жағдайды мұқият бақылап, ықтимал келісімнің болашағын бағалап отыр. Әзірге трансфердің қаржылық шарттары мен оны рәсімдеу мерзімі туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Беньямин Шешко 2025 жылдың жазында «РБ Лейпцигтен» «Манчестер Юнайтедке» ауысқан. Ол трансфер 76,5 миллион еуроға бағаланған. АПЛ-дегі алғашқы маусымында словениялық форвард 30 матчта 11 гол соғып, қысқа уақытта команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды.
