29 жастағы уругвайлық қорғаушы бұлшық етін зақымдап алып, 79-минутта орнын Сэм Бекемаға босатты. Матиастың жағдайы алдағы уақытта белгілі болады.
Бұған дейін дәл осы кездесуде Кевин де Брюйне мен Джованни Ди Лоренцо жарақат алған еді.
Неапольдің клубы Оливераны 2022 жылы «Хетафеден» 16,5 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда он матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Матиастың командамен келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
