Николо Скираның хабарлауынша, «Монца» мен «Пиза» Камарда бойынша «Миланнан» ақпарат сұратыпты. Франческоның өзі аз ойнайтынына байланысты басқа клубқа ауысуға дайын.
Камарда – «россонеридің» төл түлегі. 18 жастағы италиялық форвард осы маусымда бес матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әректімен көзге түсе алмады.
Франческоның «Миланмен» келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін жарамды, сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзартуға болады.
