Q Football

Райан Айт-Нури «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Райан Айт-Нури «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
Фото: Molly Darlington / Getty Images

Манкуниандықтар «Манчестер Сити» қорғаушысына қызығушылық танытып отыр

Africa foot басылымының хабарлауынша, «қызыл сойқандар» 25 жастағы алжирлік ойыншыны алдағы қысқы трансфер кезеңінде жалға алуды көздейді. «Манчестер Юнайтед» Айт-Нуриді өткен жазда-ақ қатарына қосқысы келген, бірақ «Манчестер Ситимен» келісу мүмкін болмады. Райан «қалалықтар» сапында аз ойнайтындығына байланысты клубтан кетуі мүмкін.

«Манчестер Сити» Айт-Нуриді 2025 жылы «Вулверхэмптоннан» 36,8 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда үш матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.