Биылғы маусымда Карлос Аугусто Серия А мен Чемпиондар лигасында төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Кристиан Киву оған өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жиі сенім артып жүр, ал ойыншы әмбебаптығының арқасында қорғаныстағы кадр тапшылығы кезінде командаға көмектесіп келеді. Бразилиялық сол жақ қанатта да, қорғаныстың ортасында да ойнай алады.
«Венециямен» өткен соңғы матчта ол ішек инфекциясына қарамастан алаңда толық 90 минут ойнап, қарсыластың өз қақпасына гол соғуына себепкер болды. Енді сенбідегі дерби қарсаңында Кивудың алдында күрделі таңдау тұр. Бұл ойында Карлос Аугусто Федерико Димаркомен бәсекеге түсуі мүмкін.
Сонымен қатар «Интер» қорғаушының 2028 жылға дейінгі келісімшартын 2031 жылға дейін ұзартуға дайындалып жатыр. Оның жалақысы бонустарды қоса алғанда 2,2 миллионнан 3,5 миллион еуроға дейін өседі.
