Ойыншыға деген қызығушылықтың бастамашысы ретінде Жорди Кройф аталуда. Клуб өкілдері Биссуманың қазір келісімшартсыз жүргенін өз пайдасына жаратып, дабыралы трансферді жүзеге асырғысы келеді. Десе де, бұл оңай мәміле болмайын деп тұр: хавбекке өзге ұжымдар да көз тігуде — оның жағдайын еуропалық топ-5 лиганың бірнеше клубы бірдей бақылап отыр.
Биссума «Лилль», «Брайтон» және «Тоттенхэм» сапында өнер көрсетіп, Еуропада мол тәжірибе жинақтап үлгерді. «Аякс» басшылығы ол алаң ортасын айтарлықтай күшейте алады деп есептейді.
Егер бұл ауысу жүзеге асса, ол амстердамдықтардың осы трансферлік терезедегі кезекті сенсациялық қадамы болмақ. Бұған дейін «Аякс» Маркос Леонардо, Виктор Цыганков, Суфьян Амрабат және Марк-Андре тер Штегенмен келісімшарт жасасқан еді.
