Клубтар 10 қыркүйек күні 650 миллион рубль және қосымша 200 миллион бонус төлеу шартымен толық келісімге келген болатын, алайда МРТ-ның қорытынды суреттері барлық уағдаластықтың күлін көкке ұшырды. Мәскеулік дәрігерлер кіші саусақтан ақау тауып, ойыншының толық қалпына келуі үшін төрттен алты аптаға дейін уақыт қажет екенін айтып, мәміле форматын кейіннен міндетті түрде сатып алу шартымен жалға алуға ауыстыруды ұсынды. Грозныйлық дәрігерлер футболшының ойынға толықтай дайын екенін алға тартқанымен, мәскеуліктер артық тәуекелге бармай, операцияны доғарды.
«Ахмат» клубы дәрігерлерінің сөзінің растығын шабуылшының өзі дәлелдеп берді: трансфер сәтсіз аяқталғаннан кейін үш күн өткен соң ол Махачқаланың «Динамосына» қарсы ойынға бастапқы құрамда шығып, нәтижелі пас берді және жеңісті матчтың үздік ойыншысы атанды. Инсайдер Иван Карповтың хабарлауынша, трансфер сомасын төмендетуге қатысты ұзаққа созылған келіссөздердің кесірінен ортақ мәмілеге келуге уақыт жетпей қалған, ал алдағы қыста Қазақстан құрамасының ойыншысы үшін күреске «Краснодар» да қосылмақ.
