Q Football

ЦСКА Кислякты «Бешикташқа» 40 миллион еуродан арзанға сатқысы келмейді

ЦСКА Кислякты «Бешикташқа» 40 миллион еуродан арзанға сатқысы келмейді
©️CSKA

«Бешикташ» ЦСКА-ға жартылай қорғаушы Матвей Кисляк бойынша ресми ұсыныспен шықты. «Lüpen Sports» мәліметінше, стамбылдықтар ойыншы үшін 20 млн еуро төлеуге дайын, алайда армияшылар екі есе көп — 40 млн еуро талап етуде

Түркиялық «To Sports Resmi» басылымының журналисі Осман Алтунтерим «Lüpen Sports» арнасының «X» әлеуметтік желісінде жарияланған видеосында хабарлағандай, «Бешикташтың» ұсынысына ойыншының кейінгі сатуынан түсетін пайыз да енгізілген. Түрік клубы Кислякты кейін өзге ұжымға сатқан жағдайда, ЦСКА қосымша сома ала алады.

Кисляк ЦСКА-ның негізгі құрамында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда 21 жастағы тірек жартылай қорғаушысы барлық турнирде 42 матч өткізіп, сегіз гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді.