Оның сөзінше, жартылай қорғаушыда емдеуі оңайға соқпайтын дерт бар және бұл мәселенің футболдағы мансабына алдағы ықпалын қазір нақты болжау қиын.
Немістің «BR» телеарнасының эфирінде Хенесс ойыншының жағдайын дәрі-дәрмек арқылы белгілі бір деңгейде бақылауда ұстауға болатынын, бірақ ахуалдың күрделі екенін атап өтті.
«Біз қиын жағдайға тап болдық. Оның емдеуі жеңіл емес ауруы бар, дегенмен дәрі-дәрмек көмегімен белгілі бір деңгейде бақылауға болады», - деді Хенесс.
Клуб функционері Мусиаланың спорттық болашағына қатысты сұрақ көп болғанына қарамастан, «Бавария» келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындап жатқанын да жеткізді. Ол керісінше жағдайды мысалға келтіріп, белгісіздікке байланысты клубтың келісімшартқа күмән келтіруі мүмкін екенін айтты.
«Ол бір күні бұрынғы ойын деңгейіне қайта орала ма - әзірге түсініксіз. Әрине, ол жалақысын алып отыр. Бірақ елестетіп көріңіздер: егер «Бавария» дәл қазір оның келісімшартына күмән келтіріп, қазіргі мүмкіндігі қол қойылған шарттарға сай емес деп мәлімдесе», - деді мюнхендік клуб өкілі.
Мусиаланың «Бавариямен» келісімшарты 2030 жылға дейін жарамды. Ол командадағы ең жоғары жалақы алатын футболшылардың қатарында және бұл көрсеткіш бойынша Гарри Кейнмен бір деңгейде.
Бұған дейін Мусиалаға функционалдық неврологиялық бұзылыс диагнозы қойылған. Тамыз айында денсаулығына байланысты қиындықтар «Лейпциг» пен «Хайденхайм» қарсы матчтарда екі рет есінен танып қалуына себеп болған.
